KSOR
Қолдау тарихы

Gustave Roussy орталығында сүт безі визуализациясы бойынша тағылымдама

Әкімтай Касиет Абусейтқызы
Қолдау түрі
Тағылымдама
Маман
Әкімтай Касиет Абусейтқызы · Дәрігер-радиолог · ҚазОРҒЗИ
Қайда
Gustave Roussy, Франция
Күндері
01.09.2026 — 30.11.2026

ҚазОРҒЗИ дәрігері Еуропаның жетекші онкологиялық орталықтарының бірінде үш айлық тағылымдамадан өтуде.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының дәрігері Әкімтай Касиет Абусейтқызы 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Еуропаның жетекші онкологиялық орталықтарының бірі – Gustave Roussy орталығында (Франция) сүт безі визуализациясы бойынша үш айлық тағылымдамадан өтуде.

Тағылымдама барысында маман сүт бездерінің маммографиясы, томосинтезі, ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ) және МРТ, сондай-ақ интервенциялық диагностика бойынша білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіруде. Визуализация әдістерінің бақылауымен жүргізілетін биопсияларға, оның ішінде МРТ бақылауымен жасалатын биопсияға, сондай-ақ визуалды бақылаумен орындалатын (image-guided) өзге де интервенциялық процедураларға ерекше назар аударылуда.

Тағылымдама кәсіби даму және халықаралық тәжірибе алмасу аясында Қазақстан онкологтар мен радиологтар қоғамы мен ACIA білім беру бастамаларының қолдауымен өтуде. Алынған білім Қазақстанда сүт безі ауруларын диагностикалаудың заманауи тәсілдерін дамытуға ықпал етеді.