ҚазОРҒЗИ дәрігерлері Сеулдегі WCLC 2026 конференциясында зерттеулерін ұсынды

- Қолдау түрі
- Конференция
- Маман
- Мұхамеджан Амангелді, Әбдрасилова Жанар, Сәдібекова Арайлым · ҚазОРҒЗИ мамандары
- Қайда
- IASLC World Conference on Lung Cancer, Республика Корея, Сеул
- Күндері
- 12.09.2026 — 15.09.2026
Қазақстандық мамандардың үш баяндамасы — ТДКТ-скрининг, өкпе обырының эпидемиологиясы және жасанды интеллект туралы — өкпе обыры бойынша әлемдегі жетекші конференцияда.
2026 жылғы 12–15 қыркүйек аралығында Сеулде (Корея Республикасы) өкпе обырына арналған жетекші халықаралық ғылыми конференциялардың бірі – IASLC World Conference on Lung Cancer (WCLC 2026) өтті.
Конференцияға Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары қатысты. Олар төмен дозалы компьютерлік томография (ТДКТ) арқылы скрининг, Қазақстандағы өкпе обырының эпидемиологиясы және ауруды ерте анықтау үшін жасанды интеллектіні қолдану саласындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды:
Мұхамеджан Амангелді – «Comparative Analysis of Low-Dose CT Lung Cancer Screening in Kazakhstan According to Regional Indoor Radon Burden»;
Әбдрасилова Жанар Сарсенбайқызы – «AI-Assisted Low-Dose CT Screening for Early Lung Cancer Detection»;
Сәдібекова Арайлым Қонысбекқызы – «Lung Cancer in Kazakhstan: A 20-Year Population-Level Study of Trends and Outcomes».
Мұндай деңгейдегі конференцияға қатысу – отандық зерттеулердің нәтижелерін әлемдік ғылыми қауымдастыққа ұсынуға, жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға және өкпе обырын ерте анықтау мен скринингтің заманауи тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді.
Қазақстандық команда үшін WCLC 2026-ға қатысу ғылыми ынтымақтастықты дамытудағы және Қазақстандағы өкпе обырын диагностикалау мен алдын алуды жетілдіруге бағытталған зерттеулерді ілгерілетудегі маңызды кезең болды.
Мамандардың конференцияға қатысуын Қазақстан онкологтар мен радиологтар қоғамы қолдады.